Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Жас музыканттар жүлдесі

Ата-бабаларымыздың пайымын екшесек, әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі. Сондықтан оқушының мектептен тыс уақытын бос өткізбей, рухани азық жинауға жұмсағаны абзал. Жақында Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінде мектепішілік «Жас музыканттар» байқауы ұйымдастырылып, іріктеуден өткен оқушылар аудандық байқауға жолдама алған болатын.

Қазақ және орыс халық аспаптары бөліміндегі білім алушылар қатысқан сайыстың мақсаты классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілерін меңгеру және орындау арқылы білім алушы тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру болды. Мақатта өткен аудандық байқауда қазылар алқасының шешімімен домбыра аспабы бойынша орта топ Мағзом Ерасыл І орын, кіші топ Амангелді Арсен ІІ орын, ересек топ Едигенова Аружан І орын, Мағзомова Ақерке ІІ орын, Жәнібекқызы Назерке ІІІ орынға ие болды.

Сырнай аспабы бойынша кіші топ Иманқұл Берекет І орын, Сағындық Нұрбибі ІІ орын, орта топ Серікұлы Бейбарыс І орын, Айдынғали Ерназар ІІ орын, Таубай Сержан ІІІ орын, Сәтпай Алихан ІІІ орын, ересек топтан Жолдасова Ақбота І орынмен марапатталды.

Сондай-ақ, үздік өнер көрсеткен шәкірттер облыстық кезеңге жолдама алып бақ сынасты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?