Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Сатира саңлақтарының кеші

Доссор мәдениет үйінде «Керемет» әзіл-ысқақ театры «Үмітпен болашаққа» қайырымдылық кешін өткізді. Кеште алдымен театр жетекшісі Алмат Сақатов көрермендермен амандасып, кешті монолог әзілдерімен бастады.

Кейін, «Қарызға батқан отбасы» қойылымында театрдың әртістері оқиға желісіне көрермендерді сендіре отырып, ерлі-зайыптылардың ащы шындықтарын сәтті қалжыңмен өрбітсе, «Кредит» интермедиясында қоғамдағы қарама-қайшылықтарды әзіл арқылы астарлап жеткізуге тырысты. «Дәрігерлер» қойылымында әртістер әзілді әнмен біріктіріп, өздерінің қиялынан дүниеге келген шығарма екендігімен ерекшеленді.

«Психолог» қойылымында әртістер қазіргі қоғамдағы байыпсыз әдеттерді әшкерелей отырып, сахна сиқырымен тігісін сетінетпей суреттеп, олардың жағымсыз қылықтарын сатираның сын садағымен нысанаға алады. Осы қойылымдар арқылы әзілкештер көпшілікті күлкіге қарық қылды. Сондай-ақ, театр әртісі Ерік Тоқтаубаев көреремендермен қызықты ойын ұйымдастырып, кішкентай бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырып, мың бұралта билетті. Керемет кеште әсем әндер орындалып, күлкілі әзілдер жұртшылықты күлкіге бөледі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.