Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Жеңімпаздар ақтық мәреге жолдама алды

Жастар ресурстық орталығы мен аудандық КТК лигасының ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар клубы» атты әзіл-сықақ кешінің жартылай финалы өткізілді.

Шараның мақсаты – жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және жас «жайдарманшылардың» өнерін шыңдау. Ойынға «Х.Санбаев», «Жеңімпаздар», «Ғажайып қыздар», «Ұлы дала актёрлары», «Нәзік жандылар», «Fire» және «Доссор» құрамаларында оқушылар мен студенттер өнер көрсетті.

Ойыншылар 3 кезеңнен тұратын яғни, сәлемдесу, жанбы ату, сұрақ-жауап кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындады. Тапқырлық пен шеберліктерін танытқан шараға «Сағыз» құрамасының мүшесі Жасұлан Сапаров аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, жас кәсіпкер Асылбек Өтегенұлы және аудан КТК лигасының директоры Ізтелеуов Әділxан Асанұлы қазылық жасады.

Әр құрама өзіндік ерекшеліктері мен астарлы, үздік әзілдерімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Қорытындылай келе, «Х.Санбаев», «Ғажайып қыздар», «Ұлы дала актёрлары», «Fire» және «Доссор» құрамалары ақтық мәреге жолдама алды.

А.ЖАРЫЛҒАСЫНОВА,

орталық маманы.