Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Бар істің бастауы – ел тарихын тану

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласы барша жұртшылықты бір серпілтіп тастады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласынан бастау алған келелі мәселе ұтымды үйлескен.

Ел тарихының өткеніне үңіліп, болашағын бағамдауға үндейтін мақала бізге бағдар беріп қана қоймай, көп нәрсеге көзімізді, көңіл сарайымызды ашып қарауға шақырады. Бізде «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасы бар. Енді оны тағы да қайта қарап, толықтырып, сол ізбен қызмет ету ғана қалды.

Далалық өркениеті ерте дамыған ел екендігімізді еңбектеген кішкенеден еңкейген кәріге дейін ұғынып, одан әрі оны өзге елге таныту барша қазақстандықтың зерделі болуы қажет. Өзіміздің кім екендігімізді, қай қоғамда өмір бағамдай біліп, жүйелеуіміз қажет. Мақаладағы Елбасы бастамасымен атақты тарихи тұлғалар мен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қою, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопе­дия­лық саябағын ашу, «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері республика көлемінде жүзеге асар ірі жобалар.

Біздің ұлтымыздың Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әрқашан туған жер мен елдің тарихына айрықша көңіл бөледі. 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жариялады. Осы бағдарлама аясында мәдени мұраларды іздеу мен қайта жаңғырту бағытында көп жұ­мыс жасалды. Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани орда біздің ауданда да ашылып, мәдени шаралардың ортасына айналғанын білеміз.

Елбасы мақаласы өлкемізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаға тың серпін беріп, алдағы уақытта өңірден Ұлы даланың ұлылығын танытар құнды жәдігерлер табылады деп сенеміз.

Әсима МЕНДАЛИЕВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.