Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Күй ойнайды қазағымның қанында

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде қазақтың аспаптық музыканың классигі, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлын еске алу кешіне арналған халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Концерт шымылдығы ұлт-аспаптар оркестрдің орындауындағы Сая Жұмашеваның дирижерлік етуімен «Серпер» күйімен ашылды. Күйші өмірі мен қайталанбас дара туындылары туралы деректі бейнероликпен жалғасты.

Кеш барысында оркестр Құрманғазы Сағырбайұлының «Алатау», «Қайран шешем», «Қызыл қайың серпер», «Саранжап», «Балбырауын» «Ақсақ киік», «Арба соққан», «Көк ала ат», «Сарыарқа» күйлері орындалып, көрермен қошеметіне бөленді.

Құрманғазы соңына шығармашылық мол мұра қалдырған дарынды композитор ғана емес, ол өз шығармаларын шәкірттеріне үйрету арқылы бүкіл бір күйші-домбырашылар мектебін жасап кеткен ұлы ұстаз. Мақат балалар өнер мектебінің оқушылары Б.Зейноллаева «Аман бол, шешем, аман бол!», М.Ермек «Перовский марш» атты ұлы күйшінің күйлерін нақышына келтіріп орындап, көптің көзайымына айналды. Концерт Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйімен аяқталды. Қасиетті қара домбыраның үнімен күй өнері – халқымыздың асыл қазынасы.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.