Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Ән әуелеп, көркемсөздер оқылды

Аудандық мәдениет үйінде өткен «Жас дәурен-2018» өнер фестивалі балалардың өнерге деген қызығушылығын оятып, шығармашылығына қолдау көрсетуді мақсат етті.

Фестивалде ән, би жанры, көркемсөз оқу шеерліктері сынға түсті. Оған ауданның білім беру ұйымдарынан, Мақат өнер мектебі және Мақат, Доссор мәдениет үйлері жанындағы ән, көркемсөз, би үйірмелерінің оқушылары қатысты. Көрермендер өнерлерімен өрге шапқан бүлдіршіндердің жан сарайын әуелеген әндерімен, сырлы сезім билерімен және мәнерлі көркемсөздерімен өрнектеген өнерлеріне куә болып, бір марқайып қалды.

Қатысушыларға әділ бағаларын берген қазылар алқасы әр қатысушының кеткен кемшіліктеріне тоқталып, алдағы уақытта олқылықтардың орнын толтырады деген сенім білдірді. Байқау нәтижесі бойынша ән жанры бойынша Дамира Беркінғали (аудандық мәдениет үйі), көркемсөз жанры бойынша Ақгүл Демеу (№2 бастауыш мектебі), би жанры бойынша (Б.Қанатбаев орта мектебінің бишілері) III-дәрежелі дипломмен, ән жанры бойынша Әлібек Ләйлі (Доссор мәдениет үйі), көркемсөз жанры бойынша Азиза Жолдыбай (аудандық мәдениет үйі), би жанры бойынша VIP (Ви Ай Пи) тобы (Л.Шахатов орта мектебі) II- дәрежелі дипломмен, ән жанры бойынша Сымбат Маңғыстау (Мақат өнер мектебі), көркемсөз жанры бойынша Тілеуқабыл Сұлтанбекұлы (Бәйге төбе мектеп- балабақша кешені), би жанры бойынша «Сымбат» би тобы (Аудандық мәдениет үйі) I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Фестивалге қатысқан басқа өнерпаздар да аудандық мәдениет үйінің «Алғыс хаттары» мен сыйлықтарына ие болды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.