Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Оқушылар тіл үйренуден жалықпайды

Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін аса қажет.

Осыған дәлел ретінде «Нұр Отан» партиясының жоспарлы жұмысымен біріккен түрде Мақат кентіндегі «Bilim land» оқу орталығында әлемдегі әр түрлі мерекелер жайындағы ашық сабақ өткізілді.

Шара балалардың әлемдегі әр түрлі мерекелер қай уақытта қалай тойланатынын, арнайы қандай тағамдар пісірілетінін, оларды не үшін тойлайтынын үйреніп білуге шақырды.

Балалар өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізіп, шара барысында оқытушылардың еңбегін дәлелдеді.

Жазира Нұртасқызы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қатысушыларды мадақтап, қолпаштап әр жетістігін елеп отырды. Осыған қарап оқушыларының жаңа бағдарлама бойынша сабақтың ойын түрінде өтуіне төселгендіктері байқалды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.