Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Сынып сағаттары адалдыққа үндеді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:- «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе. Одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.

Сондықтан бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек»,-деп халықты жағымсыз әдетпен күресуге үндейді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді ұдайы есте ұстап келетін аудандағы Л.Шахатов атындағы орта мектебі ұжымы да жақында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! тақырыбында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 5-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу болып табылады.

Ж.ЖҰМАХМЕТОВА,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.