Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Апталық елдікті танытты

C.Шарипов мектеп-интернаты базасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Элеонора Абатованың ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент күні – ұлт тұлғасына деген ілтипаттықты паш етеді» тақырыбында апталық өтті.

Апталықтың мақсаты Елбасымыздың Тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы өлшеусіз еңбектерін оқушыларға кеңінен насихаттау. Мектептегі 5 сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім», 6 сыныптар арасында «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы», 7 сыныптар арасында «Тұңғыш Президент күні – ұлт тұлғасына деген құрмет», 8 сыныптар арасында «Ел тірегі – Елбасы», 10 сыныптар арасында «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушылар жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі, өмірі, отбасы, сонымен бірге ел басшысының бастамасымен қабылданған стратегиялар мен ұлт жоспарлары туралы көптеген мәліметтер айтылып, талқыланды.

Ал 3-4 сыныптар арсында «Кім? Не? Қашан? Қайда?» зияткерлік ойыны өткізіліп, бастауыш сынып оқушылары өздерінің зияткерлік қабілеттерін терең зерделеп көрді. Сондай-ақ, 5 және 11 сынып оқушылар арасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Ең тамаша шығарма» байқауы ұйымдастырылып, 5 сынып оқушысы Сағын Зайнап пен 6 сынып оқушысы Нұрболат Жангүл аталмыш байқаудың үздіктері атанды. Сонымен қатар, апталық соңында мектеп оқушыларына Тұңғыш Президент өмірі туралы видеоролик көрсетіліп және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.