Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Шәкірттеріміз ерледі

Ағымдағы жылдың 24-25 қараша күндері Атырау қаласында «Art Rainbow» Халықаралық өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен ІV Халықаралық «Ақ сұңқар» балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсы өтті.

Дарынды жас ұрпақты қолдау, қосымша білім беру саласын қолдау мақсатында өткізілген байқауда Мақат балалар өнер мектебінен көркемсөз номинациясы бойынша қатысқан кіші топ оқушысы Қамбарқызы Райлан мен жоғары топ оқушысы Төлеген Айдана 1 орын жүлдесін жеңіп алды.

Вокал номинациясы бойынша қатысқан кіші топ оқушысы Тұрлан Гүлім 2-орын, орта топ оқушысы Тәжібек Олжас 3-орын, жоғары топ оқушысы Лұқпанов Мирас 1-орынды жеңіп алды. «Домбыра-тенор» номинацясы бойынша қатысқан орта топ оқушысы Ермек Мейірлан 1 орын, фортепиано номинациясы бойынша кіші топ оқушысы Батырбекқызы Нұрай 3-орын, дәстүрлі ән номинациясы бойынша кіші топ оқушысы Бағытжанұлы Ернұр 1-орын, орта топ оқушысы Амандық Айдана 2-орынға ие болды. Өнер байқауының лауреаттарын дайындаған мұғалімдер Баймұқашев Руслан, Есенғалиева Майра, Омарова Гүлмира, Тлеуқұлова Мереке фестиваль-конкурстың арнайы марапатына ие болды.

А.ДҮЙСЕНОВ,

мектеп директорының тәрбие жөнінен орынбасары.