Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Кезекті байқау, кезекті жеңіс

2018-2019 оқу жылы басталғалы оқушыларымыз ұстаздарының үмітін ақтап, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.

Күзгі каникул кезінде Атырау қаласында V Республикалық «Ақжелең» байқауы болып өтті. Осы байқауға Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінен қатысқан бірқатар өнерлі өрендер жеңімпаз атанып қайтты.

Атап айтқанда, сырнай сыныбының оқушылары Ақбота Жолдасова І орын, Алихан Сәтпай ІІ орын(жетекшісі Ғинаятов Мейрамбек), көркем сөз оқу номинациясы бойынша Адина Асылбекқызы ІІ орын, жетекшісі (Гинаятова Ғайни), сурет номинациясы бойынша Маратова Алима және Нысанғалиева Айдана І орындармен марапатталды, (оқытушысы Саламатова Шынар). Үздік шәкірт дайындағаны үшін де оқытушыларымыз «Атадан-мұра» қоғамдық қорының Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Ғ.ҒИНАЯТОВА,

Доссор балалар өнер мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.