Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Ұстаздар спартакиадасы

Қазанның 11-12 аралығында О.Сарғұнанов орта мектеп базасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп мұғалімдерінің арасында аудандық спартакиада өтті.

Спорттың 6 түрінен өткен жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлер арасында бұқаралық спорттық шараларын дамыту болды. Шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Естай Мақсотов және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерболат Құлтаев құттықтау сөзбен ашып, ұстаздарға сәттілік тіледі.

А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені, С.Шарипов мектеп-интернаты, Л.Шахатов атындағы орта мектебі, М.Баймұханов атындағы орта мектебі, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, Х.Санбаев атындағы орта мектебі ұстаздары (баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, шахмат, гандбол) спорт түрлерінен қарсыласқа лайықты ойын көрсетіп, барынша жеңіске жетуге тартысты. Екі күнге созылған дәстүрлі жарыс нәтижесінде ІІІ орынға Х.Санбаев атындағы орта мектебі, ІІ орынға А.Құнанбаев атындағы орта мектебі мұғалімдері ие болды. І орынға Л.Шахатов атындағы орта мектебінің ұстаздары лайықты ойын көрсетті. Аталмыш спартакиадада басым түскен ұстаздар енді облыстық додада бақ сынайды. Жарыстың жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.