Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында "Ой мен ойын" атты интеллектуалды сайысы өткізілді.

Шара жастардың белсенділігін арттыру, топпен жұмыс істей отыра, ұйымшылдыққа шақыру, интеллектуалды ой өрісін дамытуды мақсат етті. Аталмыш сайысқа С.Шарипов атындағы мектеп-интернатынан "Бәйтерек" тобы, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінен "Тұлпар" тобы және Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен "Жас дарындар" тобы қатысты. Шара «Таныстыру», «Логикалық сұрақ», «Бетпе-бет», «Суреттер сөйлейді», «Кім көп біледі?», «Ән мен әнші» кезеңдерінен тұрды. Оқушылар әр кезеңде логикалық сұрақтар, суреттермен жұмыс, жасырын сөздер, әуенді сұрақтар бойынша тапсырмаларды орындады. Сайыскерлер ойын барысында белсенділік танытып, интеллектуалды қабілеттерін көрсете білді. Қорытындысында, І орынды "Бәйтерек" тобы, ІІ орынды "Тұлпар" тобы және ІІІ орынды "Жас дарындар" тобы иеленді. Сондай-ақ, ой ұшқырлығымен және шапшаңдылығымен ерекше көзге түскен Гүлдана Жұмабаева, Диляра Төлебаева және Данагүл Нұрбаева "Үздік ойыншы" номинациясына лайық болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.