Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Туған жерге деген махаббат нақты іспен танылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы талай жылғы жоғалтқан дүниемізді түгендейтін бағдарлама деуге болады. Бұл бағдарлама жаңғыру, жаңару бағдарламасы.

Онда айтылған үштілділік мәселесі, жүз жаңа оқулық, туған жерді, еліміздегі қасиеттерді орындарды дәріптеп, оны жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту, Қазақстанның жүз жаңа есімін анықтау, жастардың білім алуы мен тәрбиесіне көңіл бөлу мәселесі жүйелі, нақты бағыттар бойынша жүзеге асырыла бастады.

Бағдарлама аясында құрылған Мақат өңірлік «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі жоспарлы жұмыстар атқаруда. Аудан әкімінің қолдауымен 2018 жылы ақпан айында өңірде алғаш рет Мақат өңірлік «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі құрылған болатын. Жобалық кеңсе Мақат аудандық балалар кітапханасының базасында орналасып, интернет жүйесімен, қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылды.

Күні бүгінге дейін кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарды. Және жүзеге асатын іс-шараларға бағыт-бағдар беруді өз міндетіне алды. Тарихи мәдени мұраны қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту бағытында 2017 жылы Доссор кенті тұрғындары мен «Адай ата» қорымын зиярат етушілерге арналған автокөлік жолының құрылысы жүрді. Аталған жол сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға «Адай ата» қорымы маңында орналасқан өзге де мазарларды зиярат етуге мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыруға ауданның түлегі, белгілі кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев қаржылық демеушілік етті. Жобаның құны 45 000 000 теңгені құрады.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?