Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Сарайшыққа саяхат арқылы ел тарихымен танысты

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағалы да екі жыл өтті. Осы уақыт ішінде не тындырдық. Тақырыпқа орай қоғам белсенділерінің пікірлерін жариялап отырмыз.

Қазақ елі қашанда рухты жоғары ұстап, оның ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді мұрат еткен. Осы қалпымызды сақтаудың өзі руханиятқа аса жоғары мән беруден деп есептейміз. Рухани бай ел бірлігін бекемдеп, тілін ардақ тұтып, халықтың мәдениетін дәріптеген ел деп білеміз.

«Рухани жаңғыру» мақала­сының жарыққа шыққанына екі жыл толып отыр. Осы мезгілде елімізде, жалпы өңірде, ауданда айтарлықтай іс тынды.

Ұлттық идеологиямызға айналған «Рухани жаңғыру» мақаласын дәріптемейтін бірде бір білім мекемесі жоқ. Білім мен тәрбиені ұштастырған әр мектеп бағдарламаны жүзеге асыру үшін ауқымды іс-жоспар шеңберінде жұмыс атқарып келеді.

Бабалар аманаттаған туған жердің қыр-сырын ұғынуға талпынған мектептерде Сарайшық қаласына сапарлау жүзеге асты.

Алтын Орда тұсындағы ғажайып қаланың орнын тамашалағысы келген кейінгі ұрпақты Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күніне дейінгі 550 жылдық қызықтырып отыр.

Бұл бір жағынан облыс жеріндегі туризмді дамытуға деген алғашқы талпыныстардың жүзеге асып жатқандығын мектеп оқушыларының сезініп, оған деген титтей болса да, қызығушылығын арттыру деп білеміз.

Сол сияқты «Туған жер» бағдарла­масының «Ауылым -алтын бесік» тақырыбындағы жобалар әр мектепте жүзеге асуда. Осының бәрі сайып келгенде өскелең ұрпақтың өз елінің патриоты болуға ұмтылысын ұштауға зор көмегін тигізді.

Жас өрендер өлкетану жұмыстарына жиі тартыла бастағаны қуантады. Сол арқылы білім ордаларында өз өлкесін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Балабақша бағдар­ламалары да рухани құнды­лықтарды өз жоспарларына енгізіп, жұмыс істеуде.

Жанат КЕНЖИЕВА,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?