Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Сана жаңарып келеді

Әрбір мемлекет өзінің даму барысында болашағын бағдарлауда сыртқы және ішкі ұлттық қауіп­сіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін?» деген сауал қоя отырып, жауап іздейді.

Бүгінгі ақпараттық қоғамдағы өзекті мәсе­лелердің бірі – ақпараттық қауіпсіздік. Оның бәрінен халқымызды қорғайтын бір-ақ нәрсе- ол Ұлттық код. Ол халықтың ішкі болмысы мен өзіндік төлтума сапалары арқылы сақталатын рухани кілті. Мәдение­тіміздің одан әрі өркендеуінің басты бағдарлары­ның бірі де ұлттық кодқа тікелей байланысты. Ұлттық кодты негізге алып, рухани даму үшін болашаққа бағдар құру бірден-бір сенімді, адастырмайтын бағдар.

Ата-баба дәстүріне сүйеніп ғұмыр кешу ұстанымы мыңдаған жылдар бойғы тарихты құрайды. Себебі, ол өмір сүрудің формуласы іспетті.

Ал ұлттық код әдет-ғұрып пен салт-дәстүрмен сабақтас. Біздер қандай істе де елімізді дәріптеп, оның салт-дәстүрімізді ұстана білсек, ұлттық кодымызды берік сақтай аламыз деп білемін. Осы бағыттағы жағымды жаңалықтарымыз да жоқ емес. Қазір ұлттық нақыштағы бұйымдарды пайдалану, ұлттық мәденетімізді, киім кию үлгісін сақтау күнделікті өмірімізге еніп келе жатыр.

Ал, біздің озық мәдени құндылық­тарымызды әлемге тарату, ол – елімізді әлемге әйгілендіру деп білеміз.

С.ХАЛЕНОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?