Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Кемелденудің жолы-кеңесте

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы әділет органдарымен бірлесе отырып, «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырды.

Әділет басқармасының басшысы А.Қадыралиевтің, аудандық кәсіпкерлер палатасының мамандары партия филиалы ғимаратына келуші азаматтарға түрлі мәселелер бойынша заңгерлік кеңес берді.

Кәсіби заңгерлік көмек көрсету және құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпарат берген заңгерге келушілерден әр тарапты сұрақтар қойылды.

Жер телімін жекешелендіру, баласына алимент ала алмау, кәсіпкерлік бағытындағы сұрақтарға жауап алған азаматтар акция жөнінде кеңінен насихаттап, көпті құлақтандыруда белсенділік болса деген тілектерін қосты.

Республика бойынша барлық аймақтар мен облыстарда өткен бір күндік акция – жыл басынан бері жасалған бірінші шара. Бұл күні келушілер саны 15-ті құрады.

Әділет қызметкерлерінің қорыта келгендегі кеңесі мынау: қандай жағдайға тап болсаңыз да, Ата Заңның аясында амал етіңіз.

Г.САЛИКОВА,

сурет автордікі.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?