Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Тойды ұятсыздық жайлап барады

Қазақ мәдениетінде тойдың орны ерекше. «Өмірге сәби келді дегенше, той басталды десейші» десек артық айтпаймыз. Жалпы, қазақ дәстүрінде той және томалақ деген ұғымдар бар.

Асылында, қазақтар үлкен той деп сүндет той, қыз ұзату және ұлдың үйленуін атаса, қалған ірілі-ұсақты атаулы даталары томалақ делінеді. Той - тағылым, той - ақ тілектер жауатын күн, той - ұлттың мәдениеті мен салтын насихаттайтын мереке. Ал осы шараның қазіргі деңгейі қандай? Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы той тойлаудың өзіндік мәдениетін қалыптастырған. Тойда бей берекет шашылу мен ысырап мәселесі, әдепсіздік әрекеттері орын алмаған. Бүгінгі тойлар шектен шығудың жоспарын орындаған секілді. Қырғызстанда тойда өткізілген ойынның салдарынан егде жастағы қонақтың өлімі тіркелсе, Өзбекстанда қалыңдықты жұрт көзінше ұрып қалу орын алған. Шет елді қоя тұрып, Қазақстандағы тойларға көз жүгіртейікші. Асабалардың қисынсыз әзілдері мен «ұятсыз» ойындары, дастархандағы харам астар, тойдан кейінгі төбелес – бәрі-бәрі үйреншікті жағдайға айналып кетті. Статистикалық мәлімет бойынша, қазақстандықтар үйлену тойына орта есеппен екі миллион теңге жұмсайды. Егер қыз ұзатсаңыз, жасауына да біршама ақша жұмсайсыз. Қаражат көбіне несиеге алынады. Алайда жас жұбайлардың 30 пайызға жуығы ажырасып кетеді. 2018 жылы Шымкенттегі тойдың елді елең еткізгенін білеміз. Бағасы 179 мың доллар тұратын торт ешкімнің тойында болмаған. Олигархтың тойына боксшы Геннадий Головкин де шақырту алған еді.

Толығырақ газетіміздің №11 санында