Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Ханталапай

«Болашақ» бөбекжай-балабақшасында ішаралық «Ханталапай» ұлттық асық ойыны ұйымдастырылды.

Ортаңғы «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Жайнагүл Жанжігітқызы шараны ұйымдастыру барысында ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға ықпал етуді мақсат етті. Балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру, Отанына, еліне туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде ептілігімен, тапқырлығымен, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, білімімен көп асық жинаған Тұрғанбай Айқын «Алғыр бала», Қуандық Ұлан «Мерген бала», Шам Расул «Зерек бала» номинацияларымен марапатталды.

«Ханталапай» ұлттық асық ойынында ауданнан бас жүлде алған талапкерге облысқа жолдама берілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?