Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Нәзік жандылар құрметке бөленді

Доссор мәдениет үйінде «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шара шымылдығы «Еркем-ай» би тобының композициялық би қойылымымен ашылды.

Сахна төріне көтерілген Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов барлық ер-азаматтардың атынан нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, бақ-береке тіледі. Әр салада белсенді еңбек етіп жүрген әйел-азаматтар Гүлзира Шағырқызы, Мендігүл Аманбекқызы, Гүлдерхан Зейноллақызы, Гүлайым Ерсайынқызын кент әкімі алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.

Салтанатты кеш одан әрі, концерттік бағдарламаға ұласты. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні доссорлық аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл әже, аяулы ана, адал нәзік жандылар тақырыбында болды. Шара соңында мерекелік кеште залда отырған барлық нәзік жандыларға гүл шоқтары тарту етілді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?