Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Мерекені кітапхана бастады

Жер дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Доссор №3 кітапханасы және Доссор №4 балалар кітапханасының бірлесе ұйымдастырумен мерекелік шара өтті.

Кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітапхана ардагерлері, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Кеш барысында кітапхана қызметкері барша нәзік жандылар қауымын құттықтап, мерекенің шығу тарихына тоқталды. С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының 6 «ә», 6 «а» -сыныбының оқушылары мен тәрбиешілері Салтанат Жоланова, Ләззат Кенжеғалиқызы өз өнерлерін ортаға салды.

Серікбай Ақниет, Кеңес Медет сынды оқушылар, биші қыздардың «Би шашуын» кеш қонақтары жылы қабылдады. Сондай-ақ, балалар хорының орындауындағы «Анашым» әні, «Әжесі мен Бағлан» көрінісі тамаша шықты.

Кешке келген тұрақты оқырман Тамара Қапашева оқушылар мен кітапхана ұжымына алғыс сезімін білдірді. Сала ардагерлері М.Бисенбаева, Қ.Кереева, О.Иманғазиева мерекелік лебіздерін білдіріп, ақ тілегін жолдады.

А.ЖЫЛҚЫШИЕВА,

кітапханашы.