Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Құтқарушы қызметімен абыройлы

Мақат кентінде орналасқан №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өткен аптада ашық есік күнін өткізді.

Бұл күні аталмыш бөлімге қарасты аймақта Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 8,9,10-сыныбының 30 оқушысы қатысты.

Шара кезінде № 8 бөлім қызметкерлері оқушыларға «Өрт қауіпсіздігі аймағында атқарылатын жұмыстар мен төтенше жағдайлар қызметі туралы және өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің арнайы жабдықтары туралы әңгімелеп берді.

Оқушыларды бала кезден бастап, өрттің қауіпсіз әдебіне үйретуді мақсат еткен кездесу мейлінше қызықты өтті.

Шара барысында оқушыларға Көкшетау техникалық институтынан білім алуға ниет еткен жағдайда қандай құжаттар мен жалпы талаптар сұралатыны жөнінде түсінік берілді.

А.ИЗБАСОВ,

№8 ӨСБ-нің ГТҚҚ аға шебері, а/қ старшинасы.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?