Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Керемет аналар

8 наурыз мерекесіне орай «№7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Керемет ана» атты аналар арасында сайыс өтті.

Сайыс отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттауды көздеді. «Сен білесің бе?» кезеңінде аналарға логикалық сұрақтар қойылды. «Баласы анасын қанша рет сүйеді?» ойынында аналар баласына қатысты сұрақтарға мүдірместен жауап берді. «Мерекеге сыйлайтын гүл» бөлімінде балалар гүлдерді құрастырып, аналарына тарту етті. Сайыстағы тапсырмалар өте тартымды да қызықты болды. Мекеме меңгерушісі Жайна Ғилымқызы сайыс соңында аналарға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат пен мақтау қағаздарын табыстады.

І.МӨЛДІР.