Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Әйелдердің қоғамдағы рөлі

1927 жылғы газет беттерінде жұмысшылар арасында саяси-мәдени ахуалдың қалыпты дамып келе жатқандығы жөнінде жиі жазылып тұрды.

Партия алдында басшылықтан бастап, төменге дейін әркім өзінің жан-жақты сауатты әрі белсенді қоғам мүшесі болу міндеті тұрды.

Әйел кеңесі де бірыңғай қызметтен бөлек, қоғамдық өмірден тыс қалмау бағытында бірқатар жұмыстар атқара бастады. 1927 жылы әйелдер кеңесінің есебі бойынша Доссорда барлығы 2958 әйел бар екені тіркелген. Оның 1789-ы қазақ.

Партиядағылар саны-25. Оның ішінде қазақ әйелдері -4, татар-2, орыс-тар-19. Комсомол мүшесі -42 болса, оның 10-ы қазақ ұлтынан.

Әйелдер арасында қызметті үйлестіру үшін басшылар сайланған. 5 ұйымдастырушының 3-уі орыс ұлтынан 1-қазақ, 1-татар.

Осы жылы Мақат пен Доссорда бір-бірден балалар үшін ойын алаңдары ұйымдастырылды.