Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Елдің тілегі ескерусіз қалмайды

Аптаның сейсенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархат Жайымбетов ауданымызға жұмыс сапарымен келді.

Алдымен Доссор селолық ауруханасына тоқтаған министр Е.Біртановты аудан әкімі Жұмабай Қарағаев қарсы алып, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиевамен бірге «Мейіргерлік күтім» бөлмесінде ем қабылдап жатырған науқастардың жағдайымен танысты. Медициналық көмек пен дәрігер тағайындаған ем-дом қабылдау барысын нақтылап, сауығып кетулеріне тілегін қосты.

Мұнан соң Мақат кентіндегі аудандық орталық емханаға табан тіреп, медицина қызметкерлерімен жүздесті.

Емханадағы жаңа технологиямен жабдықталған медициналық кабинеттер мен емдеу корпусының жұмысымен танысып, мамандар еңбегін саралады. Мемлекеттік бағдарламамен келіп, қызметке орналасуы, баспанамен қамтылуы, қызметіне лайық әлеуметтік қолдау шараларына ие болған дәрігер, мейірбике мамандардың еңбекке құлшынысын көріп, риза болған министр бұған дейін елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы 90 мың теңге болса, енді орташа жалақы 140 мың теңге болады. Мейірбикелер орташа есеппен 70 мың теңге алып келген болса, енді 99-100 мың теңге аралығында жалақы алатын болатынын қаперге берді.

Толығырақ газетіміздің №11 санында

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?