Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Қоғам тәрбиесі үшін нақты іс керек

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің жылдық есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан активі қатысқан кеңейтілген кеңес отырысын аудан әкімі Жұмабай Қарағаев ашып, жүргізіп, күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша кеңес төрағасы Ерғазы Жоламанов есепті баяндама жасады.

Жиында кеңес құрамының өткен жылда атқарған жұмыстары, қоғамдағы ахуалды зерделеп, жастар арасындағы кездескен келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға бағыт берілгені айтылды.

Аудандық Қоғамдық кеңес құрамында 13 мүшесі болса, оның 3-уі мемлекеттік қызметкерлер. Жиын барысында аудан басшысы Жұмабай Қарағаев кеңес құрамына өзгерістер енгізуге, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі жауапкершілігі жетіп-артылатынын ескеріп, олардың орындарына кәсіпкерлерді тарту туралы ұсыныс тастады. Сонымен қатар, кеңес жұмысы қағаз жүзінде ғана қатталып қалмай, жандандырудың маңыздылығын жадылады.

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 7 ақпандағы №6 (912) санынан оқи аласыздар.

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?