Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Үздік шырша анықталды

Жаңа жыл алдында «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасындағы ата–аналар арасында «Үздік шырша» байқауы ұйымдастырылды.

Байқауда 32 ата –ананың дайындаған жұмысы қаралды. Ізденістік танытқан ата-аналар әр түрлі материалдардан шыршалар безендіріп, әкелді. Байқауда сынға түскен жұмыстар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз материалдардан шырша жасау талаптары қойылды.

Ал байқау қорытындысында ата–аналар құрамынан сайланған қазылар төрелік етіп, бірнеше номинациялар және жүлделі орындар бойынша дипломдармен марапаттады. Жаңа жылдық шара қорытындысы мерекелік кеште жарияланып, балабақша әкімшілігі тарапынан марапат-сыйлар ұсынылды. Бала тәрбиесіне жан-жақты атсалысқан ата–аналар атынан А.Бақтиярова бас жүлдеге ие болса, байқаудың бірінші орыны А.Тәттіғұлова, Г.Сисенова, Л.Күлбараховаларға бұйырды. Шырша безендіруде шеберлік танытқан А.Балашева, О.Әбілхасанова, Г.Есенгужина, А.Абдуллаева, Ж.Әбуова, З.Камешова екінші жүлдені еншіледі. Ал М.Тілеуқұлова, Ұ.Тұрғынбаева, Э.Тутиева, Д.Ибрахимқызы, А.Көшкенбаева, Ж.Жұмабек үшінші жүлдеге лайықталды. Байқауға қатысқан барлық ата-ана түрлі номинациялармен марапатталып, ұйымдастырушылардың алғысына бөленді.

А.ТАЙПАНОВА,

Балабақша педагог-психологі.