Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Олар әрдайым қоғаммен етене

Еліміз бойынша үйде әлеуметтік қызмет көрсету мамандары барысында «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» бойынша жалғыз басты қарттар мен үйде қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педогогикалық, мәдени - спорттық, экономикалық, құқықтық, еңбек қызмет түрлері сынды 8 қызмет түрі көрсетіледі.

Мақат кенті әкіміне қарасты әлеуметтік қызмет көрсету мамандары кент бойынша барлығы 44 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 25 жалғыз басты қарт болса, 19 мүмкіндігі шектеулі балалар.

Жалпы кент бойынша 488 мүмкіндігі шектеулі жан болса, 18 жасқа дейінгі 109 бала, оның 50-і мектеп жасында.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі жоспар бойынша әр балаға мониторинг жүргізіліп, есепке алу, оларға көрсетілетін барлық әлеуметтік көмектерді уақтылы хабарлау, мүгедектерді оңалтудың шараларына қатыстыру, мәдени-спорттық шараларға шақыру, қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет қарттарға кесте бойынша аптасына 2 күн, төсек режимінде жатқан қарттарға аптаның 5 күнінде де қызмет көрсетіледі. Қайтыс болған қарттарды жерлеуге, туысқан ағайындары болмаған жағдайда жерлеу қызметін ұйымдастыру да назардан тыс қалмайды.

Кенттегі мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік жәрдем алу құжаттарын реттеу, медициналық қолдау шараларымен қамтылуымен қатар, заманның рухани және әлеуметтік талаптарынан туындайтын қолөнер түрлерін кеңінен насихаттау, оларды өмірде қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау мақсатында да көптеген жұмыстар ұйымдастырылуда.

Мәселен, дәстүрлі ою-өрнекпен гобелен тоқып, балалардың жұмсақ қуыршақтарын тоқудан шеберлік танытып жүрген Г.Сұлтанова, ұлттық киімдерімізді тігу, шілтер, кесте тігу, т.б. өнерімен Г.Шаленова, көрпе-көпшік, ұлттық бұйымдар жасаудан Б.Кажыбаева, ағаштан түйін түйген А.Мұхтаров, төсеніштер кестелеуден М.Жанболатова, шымылдыққа ағаш үйдің керегесіне бау, құрақ көрпе тігуден А.Абишева, шымылдыққа ағаш үйдің керегесіне бау, құрақ көрпе тігуден З.Аманбаева қолөнерлерін ұсынды.

Спорттық шарадан облыстық жарыстарға да А.Салықова, Ж.Ахаев, Н.Сатимов, Қ.Жанбосиновтар белсенділік танытса, Кұлсары қаласында дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен облыстық ашық турнирде қыздар арасында К.Утешова, үстел теннисінен Е.Дәулет 3-ші орын медальдармен, дипломдармен марапатталды. Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» фестиваліне би номинациясы бойынша А.Төлеуғали қатысып, жүлделі 2-ші орын алып қайтты. Атырау қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында облыстық спартакиадаға 9 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын,7 күміс, 8 қола медаль алып, облыстан 1-ші орынды иеленуі әлеуметтік қолдау шараларының жемісі деп білеміз.

Тәуелсіздік күніне орай облыста зағип жандарға қолдау көрсетіп көру қабілеті зақымданған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан өткен спорттық жарыс төрінен де кентіміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыстырылып, жүлделі орындар алып келуі олардың өмірге деген құлшынысын дәлелдейді.

Жоспар бойынша әр балаға мониторинг жүргізіліп, үйден қызмет алушы Н.Чмарин, А.Сагиндиков, К.Сисенова, Е.Жансүйген сынды балалар оң өзгеріске ие болып сипатталуы әлеуметтік сала мамандарының қызмет көрсету нәтижелерінің жемісі деп бағалаймыз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттің қолдауын жеткізіп, сауықтыру шараларын жүйелі ұйымдастыру олардың әрдайым қоғаммен бірге болуға белсенділігін дамыту сала мамандарының жауапкершілігі.

Ж.АҚБЕРЖАНОВА,

Мақат кенті әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі.