Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Бөбектер әкесімен би биледі

Жаңа жыл қарсаңында «Балбөбек» балабақшасындағы «Жұлдыз» бүлдіршіндер тобында «Жаңа жыл ғажайыптары» атты ертеңгілік өтті.

Бүлдіршіндер мерекеге сай әсем киімдерімен көзге түсіп, бірі тақпақ, бірі ән, әртүрлі билер билеп, көрермендерді тамсантты.

Жаңа жылдық шыршаның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалар мәз мейрам болды. Көңілге конымды, көздің жауын алған «Аяз ата мен ақшақар» биін қыздары мен әкелері Е.Қангерей, Қ.Зайыров, М.Тілеумағамбетов, О.Ақесен билеп, ерекше көзге түсті.

Осындай мерекелік ертеңгілікті ұйымдастырған балабақша тәрбиешілері А.Умарова мен А.Джанбусинова, тәрбиеші көмекшісі А.Бекмухановаға ата-аналар да риза болысты.

Б.ТІЛЕКБАЙҚЫЗЫ,

ата-ана.