Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

Осындай тақырыпта С.Шарипов атындағы мектеп-интернатында мерекелік шара өтті. 6 «б» сынып оқушылары атсалысқан шараны сынып жетекшісі Жанат Айтқалиева ұйымдастырды.

Концерт бағдарламасында патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Қазақстан Республикасының құрылуы мен даму жолдары жөніндегі бейнеролик көрсетілді. Оқушылар егемен елдің даму белестерін әңгімеледі.

Оқушылар желтоқсан оқиғасын сахналады. Патриоттық сезімге толы, бейбітшілік пен өркендеудің белгісі «Көк тудың желбірегені» әнімен шара қорытындыланды. Осылайша, бірлік пен береке салтанат құрған бейбіт заманның ұрпақтары тәуелсіздікті жырлады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.