Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Жауынгер туралы мәлімeт іздейміз

Бүгінгідей бейбіт өмірді алып берген ата-бабаларымыздың рухы кейінгі ұрпақ жадынан ешқашан өшпек емес.

Олардың қайсарлығы мен ерлігінің нәтижесінде елдіктің туын тік көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры да нығая түсті. Сондықтан, елі үшін құрбан болған жауынгерлер есімін ұлықтап, олар туралы толық мәлімет жинақтау арқылы өткен тарихымыз қалыптасары сөзсіз. Сондықтан әлі де болса, ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, кеудесін оққа тосқан жауынгерлеріміз туралы мәлімет іздестіру жалғасын табуда.

Жақында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге Ұлы Отан соғысы жылдары құрбан болған жауынгерлер Мұхамбетьяров Мұғал мен 1898 жылы туылған Көмеков Нәдір туралы туыстары мәлімет іздейтіні жөніндегі хат келіп түсті. Құрбан болған жауынгерлердің туыстарына іздеу салынуда. Осы хатқа орай, қандай да бір мәлімет болса, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жолығуын сұраймын. Мекен-жайымыз: Мақат поселкесі, 42 бөлімше 7/1, Байланыс нөмірлері: 8(71-239) 3-00-25, 3-01-88.

Е.ӘМІРОВ,

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.