Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

«Өзге тілдің бәрін біл!»

Ағылышн тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет.

Осыған дәлел ретінде Мұса Баймұқанов атындағы орта мектебінде «Let’s speak English!» тақырыбымен ағылшын тілі пәнінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік барысында мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақтарын өткізді. Апталықтың ашылуын «Let’s speak English!» деген ұранмен және «Қане, ағылшын тілінде сөйлейік!» ашық микрофон шарасымен ашылды.

Пән мұғалімі Г.Балпейсова «Days of the week» тақырыбында 3-сыныптарына, Амангүл Құмарқызының «My news» тақырыбында 8-сыныпта ашық сабақ өткізді. Б.Құтқожина ашық сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушыларды мадақтап, қолпаштап әр жетістігіне баға берді. Ашық сабақтарға мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушілерімен қатар жас мамандар да қатысып, өздеріне керегін алып,түрлі әдіс-тәсілдермен танысты.

Ағылшын тілі онкүндігінің соңы «Leisure for pleasure!» атты шарамен қорытындыланды. Аталмыш шарада әр пән мұғалімі өзінің дәріс беретін оқушыларын түрлі қойылымдарға дайындады. Ж.Бекмагамбетованың шәкірттері «The red hat» (Қызыл телпек) ертегісін сахналаса, Б.Құтқожинаның оқушылары «Sinderella» ( Золушка ) ертегісін ағылшын тіліндегі қойылымын қойып шықты. Балалардың ағылшын тілін жетік меңгергенімен қатар, актерлік шеберлігімен де көзге түсті. Оқушыларымыз ағылшын тілінде нақышына келтіре ән орындап, бірі өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.

Шара соңын ағылшын тілі пәнінің бірлестік жетекшісі А. Өтешова қорытындылады. Онкүндікке атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдірді. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – қазіргі заман талабына айналып отыр. Осы тұста білім беру мекемелерінде осындай шаралар көптеп өткізілсе,болашақ ұрпағымыз ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, алдағы уақытта өмірлерде кез келген қажет жағдайда еш кедергісіз қолдана алары хақ.

Гаухар ҚАЛИОЛЛАҚЫЗЫ,

М.Баймұқанов атындағы орта мектептің мұғалімі.