Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Сайфолла – үздіктер қатарында

Өткен айдың аяғында халық шығармашылық орталығында Атырау облысы бойынша «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жабылу салтанаты өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы ауданымызда биылғы жазда қарқынды еңбек етті. Еңбек жасағында 202-ден аса сарбаз қызмет атқарды. Педагогикалық бағыт бойынша Мақат кентінде ағылшын тілі курстары жұмыс жасады.

Шара барысында осы маусымда белсенді жұмыс жасаған жастар жергілікті әкімдік тарапынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, осы жоба барысында көптеген аталымдар бойынша жастарды марапаттау ұсынылған болатын. Аудандық жастар ресурстық орталығы «Үздік жоба» номинациясымен және «Үздік сарбаз» номинациясымен «Жасыл ел» еңбек жасағында болған Сағидолла Сайфолланы ұсынған болатын. Сарбаз аталмыш салтанат барысында марапатқа ие болды.

А.ҚАРЖАУОВА,

орталық басшысы.