Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шарада Елбасының егемен елді қалыптастыру жолындағы ерен еңбегін айшықтайтын арнайы бейнематериал көрсетіліп, Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Елбасын ұлықтауға арналған салатанатты шарада аудан басшысы Жұмабай Қарағаев айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды облыс әкімі, аудан әкімі атынан алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясына қабылданған азаматтарға партиялық құжат табыстады.

Жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті. Аталмыш мерекелік шарада ант қабылдаудың үлкен жауапкершілігін сезініп, Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді. Тұңғыш Президент күніне орай аудан өнерпаздары әндерін аспандата шырқап, мереке көркін қыздырды.

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 6 желтоқсан 2018 ж. № 49 (903) санынан оқисыздар.