Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Мереке қарсаңындағы қоныс той

Аудан халқы Президент күні қарсаңында баспаналы болу бақытына ие болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында міндеттеген қолжетімді тұрғын үй құрылысы, пәтерлі болу мәселесі ауданымызда өз шешімін тауып келеді.

Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс деңгейін көтеру, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету Елбасының үнемі назарында. Маңызды міндеттерді оңды шешуге бағытталған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде NСОС компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасымен Мақат кентінде 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, күні кеше пәтер кілттері отау иелеріне табыс етілді.

Қоныс тойын тойлаушыларды құттықтауға аудан басшысы Жұмабай Қарағаев, тұрғын үйдің құрылысын әлеуметтік инфрақұрылым жобалары аясында іске асырушы «NСОС» компаниясының атқарушы кеңесшісі Серік Идранов, «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әділ Жұбанов келді.

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырмасымен NСОС компаниясының демеушілігімен салынған тұрғын үйдің құрылыс жұмысын «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген болатын. Биылғы жылы құрылысы басталған тұрғын үй 3 қабатты. Пәтер ішіне газ, электр желілері тартылған. Жуынатын бөлмелері кафельденіп, заманауи талапқа сай құралдармен жабдықталған. Мұндағы пәтерлердің бәрі де 2 және 3 бөлмелі.

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің №48 (902) 29 қараша 2018 санынан оқи аласыздар.