Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Білім бөліміне басшы тағайындалды

Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев аудан активі алдында аудандық білім беру бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Аудан басшысы жаңадан тағайындалған бөлім басшысына зор сенім артып, қызметіне сәттілік тіледі.

Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қараша №380-ө өкіміне сәйкес Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы «Мақат аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы 1975 жылы Қызылқоға ауданы Қаракөл селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Биология және география» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1997-2002 жылдары Атырау қаласында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда мұғалім болып бастаған.

2002-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы университетінде мұғалім.

2003-2005 жылдары №30 мектеп-гимназиясында мұғалім.

2008-2009 жылдары №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі директоры, 2009 жылы №30 мектеп-гимназия директоры қызметін атқарған.

2009-2010 жылдары №7 орта мектебі директоры, 2010-2015 жылдары №35 мектеп-гимназия директоры.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау қалалық білім бөлімінде бөлім басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Жанұялы.