Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Кішкене өнерпаздар сайысқа түсті

«Ботақан» ясли бақшасында топтар арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысы өтті.

Күз мезгілінде табиғаттың берер сыйын балалар жадында сақтауға және сахналық шеберлікті шыңдауға негізделген сайыста бүлдіршіндер қолдарынан келген өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, «Айжұлдыз» тобының бүлдіршіндері Нұрлан Әміре мен Темірхан Дильназ тамаша ән шырқаса, Жұмагелдіқызы Томирис және Қанатұлы Диас әдемі сазды әуенді әуелетті. «Балдәурен» тобының бүлдіршіні Бәуеден Інжу және Арманұлы Сұлтанбек би өнерін көпке ұсынды. Сондай-ақ, Амантұрлы Нұрсәуле және Сисенбай Нұралы сынды бүлдіршіндер ата-анасы дайындаған сән үлгісін ұсынды.

С.ЖАЛМҰХАНОВА,

саз жетекшісі.