Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Болашақ – білікті жастар қолында

Осындай тақырыппен №6 Мақат кітапханасында жастар ресурстық орталығы мен кітапхана ұжымы бірлесе, сұхбат кешін ұйымдастырды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев келер жыл «Жастар жылы» деп мәлімдеді. Жастар үшін бұл – үлкен мәртебе. Президентіміздің жастарды ерекше атап өтуі, олардың бойына үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Бұл жақсы жаңалық әрі үлкен жауапкершілікті де қажет етеді.

Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез келген ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгеріп, болашақта білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев келер жыл «Жастар жылы» деп мәлімдеді. Жастар үшін бұл – үлкен мәртебе. Президентіміздің жастарды ерекше атап өтуі, олардың бойына үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Бұл жақсы жаңалық әрі үлкен жауапкершілікті де қажет етеді.

Осы ретте сауалдар жастардың қандай мамандыққа қызығып, қолдарынан нендей іс тындыра алатындығы және қоғамдағы орны туралы қойылды. Жастарды қызықтырар мәселе көп. Шексіз деуге де болады. Дегенмен, ақыл мен қайрат, жігер мен мүмкіндік бірлесе келе шешімін табар мәселелерді қозғаған аудан жастары ел қолдауына сүйене отырып, қолдан келер істен қашпайтындықтарын да айтып жатты.

Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Сондықтан жаспен де, жасамыспен де ақылдасып отырудың артықтығы болмас. Сұхбат кешінде ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелей білу жөніндегі ата-аналар, жалпы ересектердің де міндеті айтылмай қалмады.

Г.ТЫНЫБЕКОВА,

№ 6 Мақат кітапханасының меңгерушісі.