Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Теміржолға темірдей тәртіп керек

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық насихаттау мақсатында Мақат жөндеу депосында еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева, аудандық мәслихат депутаттары, ішкі істер бөлімі және бөлім басшылары бар ақпараттық-насихаттық топ теміржолшылармен кездесті. Елбасының Жолдауындағы көтерілген мәселелер, халықтың әл-ауқатын өсірудегі нақты қадамдар мен міндеттемелер түсіндірілді. Жұмыскерлер барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты жағдайына бағытталған Жолдауды қуанышпен қабылдап, қолдайтындықтарын білдірді.

Кездесуде Ә. Мендалиева Жолдауда қарастырылған негізгі бағыттарды атай отырып, аудан көлемінде жүзеге асқан жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Жастарды біліммен сусындатып, оларға бағыт-бағдар беретін ұстаздардың еңбегі ескерілер тұста өзге де қызмет тұтқасын ұстаған еңбеккерлердің еңегі ескерусіз қалмайтынын, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қоғамдық сана деңгейі туралы мәселе қозғады.

Бұдан соң аудандық орталық аурухана дәрігері мәслихат депутаты Төлеу Дәулетов Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға шақырды.

— Мемлекет басшысының биылғы жариялаған Жолдауында денсаулық мәселесіне зор көңіл бөлінетіндігі туралы айтып өтті. Дегенмен, тұрғылықты халықтың салуатты өмірді таңдап, өздерінің денсаулығына мұқият мән беруі маңызды. Қазір уақытыл екпе алудың, сондай-ақ, ауруды ерте сатыда анықтаудың маңызы зор. Сондықтан баршаңызды әр жаста өтілетін скринингтен алшақтамай, тексеруден өтуге шақырамын.

Қазір электронды қызмет түрлері көбейді. Біздің медицина саласын да бұл жаңалық айналып өткен жоқ, - деді Т.Дәулетов. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Шаңғалааев кәсіпкерлік саласындағы қолдаулар мен мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды. «Жолдауда көрсетілген жеке кәсіпті қолдау бағыттары, әсіресе, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорт нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Елдің табысты дамуы бизнестің тұрақты жұмыс істеуіне байланысты. Өндірісті білікті мамандар ғана өрістетеді. Осыған аса мән берген дұрыс», — деді А. Шаңғалаев.

Өз кезегінде теміржол саласының қызметкерлері сауалдарын беріп, мамандардан кеңес алды. Оның ішінде, балабақша кезегіне тұру, қоғамдық көліктің қатынас мәселесі, сондай-ақ, цифрлық телехабарларды тарату сапасы туралы сөз болды. Теміржолшылар Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап, өз кезегінде табысты еңбек пен сапалы өмір сүруге бейілдіктерін білдірді.

Г.САЛИКОВА.

Суретті түсірген А.ТАУМҰРЫНОВА.