Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Қызметте – жаңа басшылар

Кеше аудан әкімі Жұмабай Қарағаев аудан активі алдында әкім аппаратына қарасты мемлекеттік мекемелердің жаңа басшыларымен таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 30 қазан №360-ө өкіміне сәйкес Айкашева Оксана Жаңбырбайқызы «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінде бөлім басшысы лауазымынан босатылып, «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Айкашева Оксана Жаңбырбайқызы 30 желтоқсан 1977 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Атырау мұнай және газ институты, тау-кен геофизика инженері және 2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, құқықтану мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2000-2001 жылдары ЖК «Саржанов» мекемесінде инспектор болып бастаған.

2001-2003 жылдары «Мұнайшы газеті» менеджер лауазымында жасаған.

2003-2004 жылдары «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсе бөлімінде бас маман лауазымында қызметін атқарған.

2004-2013 жылдары «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсе бөлімінде бөлім басшысы лауазымында қызметін атқарған.

2013 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінде бөлім басшысы лауазымында қызметін атқарып келді.

Жанұялы.

Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қазан №355-ө өкіміне сәйкес Жайкин Бекәділ Орынбасарұлы «Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жайкин Бекәділ Орынбасарұлы 1976 жылы 16 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Мұқыр стансасында дүниеге келген.

2001-2004 жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Мақат ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінде тергеуші болып бастаған. 1997-1999 жылдары Атырау қалалық ішкі істер бөлімі, аға тергеуші лауазымында жасаған.

Атырау қаласы 1999-2004 жылдары Құлсары қаласында Жылыой аудандық ІІБ-ң анықтау бөлімшесінің бастығы. 2004-2014 жылдары Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

2014-2017 жылдары Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. 2017-2018 жылдары «KMG security» ЖШС Құлсары филиалының директоры. 2018 жылы 28 маусым және 01 қазан аралығында Мақат кенті әкімі лауазымында қызмет атқарған.

Жанұялы.