Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Кәсіби қызметтің жемісі

Қазан айында төтенше жағдайлар және өрт сөндіру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Осыған орай, жанкешті қызметтің жауапкершілігін сезініп, қауіпсіздік шараларын алуда қырағылық пен ептілік танытып жүрген аудандағы сала қызметкерлерін құттықтаған Доссор кенті әкімі Ербол Ермағамбетов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенжан Төлешқалиев олардың қиын кезде көрсеткен ерліктеріне зор ризашылықтарын жеткізді.

Батыс филиалы «Семсер - өрт сөндіруші» ЖШС Доссор өрт сөндіру бөлімінің басшысы Хамидолла Сейдахметов бастаған бір топ еңбек ұжымы мен кенттегі мекемелерден құрылған ерікті өрт сөндіру жасағынан Нұрлан Оразбекұлын алғыс хатпен марапаттап, құтқару қызметіндегі еңбектеріне абырой тіледі. Олар білімдері мен кәсіби шеберліктерін ұштап, қауіптің алдын алудағы батылдықтары мен ептіліктері, шеберліктері сынға түсетін жауапты кезеңде ел үмітін ақтауда сәттіліктер серік болсын деген тілектерін қосты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.