Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Көшеде көшеттер көбейді

Ауданда 27 қазан күні ұйымдастырылған «Бүкіл Қазақстандық тал егу» акциясы экологиялық ахуалды жақсарту, ауданды көгалдандыру және ағаштармен көркейту, гүлдендіру мақсатын көздеді.

Әрине, адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ағаштың маңыздылығын айтып жеткізу өте қиын. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін теректен артық ауаны тазартатын бірде-бір ыңғайлы нәрсені таба алмапты.

Сондықтан да халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, еліміздің көркеюіне үлес қосар игілікті шарадан қалыс қалмау – әрбір азаматтың борышы. Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу акциясына аудандағы барлық кент, ауылдық округ, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындары шығып, көшелерге 1930 тал көшеттерін отырғызды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.