Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Атырауда Мақат ауданының жәрмеңкесі өтуде

Бүгін мақаттықтар Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесіне қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңкенің өтуіне 2 шаруа қожалығы, оның ішінде: "Абылайхан', "Қожағали" ШҚ-тары 4 ірі малдың етін және 'Мейірім" тігін цехы тұрмысқа қажетті өнімдерін ұсынып, тұтынушылар сұранысын қанағаттандырды.

Сондай-ақ, көршілес ауданның шаруа қожалықтары шақырылып, қолжетімді бағада өнімдерін ұсынды. Бұл күнгі жәрмеңкені Доссор мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрледі.

Атыраулықтар ауданнан келген қонақтарды жылы қабылдап,алғысын білдірді.