Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Мониторингтік топ Мақат ауданында

Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин, облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев, арнайы мониторингтік топ мүшесі Ырза Тұрсынзада ауданымызда болып, мемлекеттік мекемелерді аралап, қоғамдық орындарда халықпен кездесті.

Мониторингтік топ мүшелері Доссор кентіндегі «Мақат мұнай-газ технологиялық колледжінде», Мақат кентінде аудандық емханада, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ахуалмен танысып, мемлекеттік қызмет көрсетушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне ықпалды жайттардың алдын алу мақсатында бақылау жасап, түсінік берді. Топ мүшелерінің әсерлі әңгімелері мен кеңестеріне ризашылығын білдірген тұрғындар 27-28 қазан күндері ауданымызда өтетін Ырза Тұрсынзаданың семинар-кеңесіне қатысуға қызығушылықтарын танытты.

 

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің 1.11.18 ж. №44(898) санынан оқисыздар