Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Аудан

Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасы аясында халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген, мұнайшы ардагер, өлкетанушы Орах Деңгелбаевтың мерейлі 75 жасына арналған «Өлке тарихының ақиығы» атты кітапхана оқырмандарымен кездесу кеші өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімі қызметкерлері аудандық орталық ауруханасында болып, емделушілерге проактивті қызмет түрін түсіндірді.

Ел Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылдың 12-14 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Тұңғыш Президент күніне орай Доссор мәдениет үйінде «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» атты мерекелік шара өтті.

Страница 6 из 39