Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Ата-аналар балабақшаны таңдайтын болды

Аудан әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңеске Ерғазы Жоламанов төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев, кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «НұрОтан» партиясының мүшесі Р.Баймұқашев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуіне қолдау білдіретіндігін айтты. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы білім саласы бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов баяндады. Ол өз баяндамасында латын графикасына көшу, мамандар дайындау, оқыту мәселесіне тоқталып, мұғалімдердің еңбегі ақыларының өсуі және олардың біліктілігін анықтау бойынша жалақысы төмен бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге бөлінетін қаржы жөнінде түсінік беріп өтті.

-Бес жылға дейінгі тәжірибесі бар балабақша тәрбиеші көмекшілерінің еңбекақысы 54,1 мың теңгеден 63,9 мың теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар, 2-3 жылдық тәжірибесі бар мұғалімнің еңбекақысы 82,9 мың теңгеге дейін көбейетін болады,- деді бөлім басшысы. Сонымен қатар, жаңа модельмен жұмыс жасау жүйесін де егжей -тегжейлі баяндады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 0-7 жастағы балаларды кезекке қою garden.makat.atyrau.gov.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ата-ана тарапынан кез келген балабақшаны таңдауға, кезегі туралы ақпаратты алуына толық мүмкіндік жасалған. Ыстық тамақпен жалпы 3061 бала қамтылған болса, оның 352-cі аз қамтылған отбасынан. Баяндамашыға аудандық мәслихат депутаты А.Мендалиева білім сапасын көтерудегі әлкі қадамдар туралы сауал қойды.

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?