Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Олқылыққа орын жоқ!

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес төрағасы, мәслихат депутаты Аманияз Қабдоловтың жетекшілігімен өткен іс-шара барысында «Доссормұнайгаз» БПҰ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, отырыста аудан бойынша көрсетілген медициналық көмек туралы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің есебі тыңдалды.

Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева қатысты.

- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру барысында басқарманың өндіріс алаңдарында болып, аталмыш бағдарламаның негізгі мақсатын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүрді.

«Доссормұнайгаз» басқармасының басшысы А.Сүлейменовтің жетекшілігімен, кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Исақов, аға қауіпсіздік қызметінің инспекторларымен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен Ботахан, Қарсақ, Байшонас, Алтыкөл, Қошқар, Шығыс Мақат, Солтүстік Жолдыбай, Доссор кен орындарда кездесу ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, тұтастық, жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және оның қолдануы туралы, алдын ала тергеу, қылмыстық қудалау туралы егжей-тегжейлі зерттеу тақырыптарында сұхбаттар өрбіді, - деді «Доссормұнайгаз» өндіру басқармасының бастауыш партия ұйымының төрайымы А.Барақатова.

Елбасымыз Жолдауларында елімізде жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктегені белгілі. Әсіресе, партияның атқарар рөлі зор. Өз кезегінде күн тәртібінде қаралған мәселеге орай аудандық орталық аурухананың директоры Б.Оңдасыновтың есебі тыңдалды.

Өз өкілеттіктерін асыра пайдалануды болдырмау үшін аудандық ауруханада барлық іс-шаралар қалыптасқан талаптарға сәйкес жүзеге асырылатынын тілге тиек еткен бас дәрігер статистикалық мәліметтерге тоқталды. Сондай-ақ, отырыста аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының есебі тыңдалды. Отырыста қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері ұсыныстарын берді. Соңынан қаулы қабылданып, келер жылдың жоспары бекітуге ұсынылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.