Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

«Өлке тарихының өрнектері»

Аудандағы мемлекеттiк архивінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкемiздiң тарихы бойынша «Өлке тарихының өрнектері» атты саяси-әлеуметтік маңызы бар көрме жасақталды.

Көрмеде мектепке дейінгі тәрбие саласында еңбек еткен жандар туралы архив қорындағы деректерді, фотосуреттерді,1940-1987 жылдар аралығындағы материалдар жинақталып, көрермен назарына қойылды.

Атап айтсақ, «Қарлығаш», «Бөбек» кіші тобы, «Малыш» кіші тобы, «Чебурашка» кіші тобы, «Сандуғаш» балабақшаларының жұмыс жасаған басшылары, ардагерлерiнің фотосуреттері мен құжаттары жарияланды.

Қай мемлекеттің болмасын оның қоғамдық-саяси, экономикалық, рухани өмірі, жалпы бар болмыс-тіршілігі құжаттарынан көрініс тауып, уақыт өте келе тарихына айналатыны белгілі. Сондықтан да кезінде академик Е.В.Тарле: «Құжатсыз тарих жоқ, тарихсыз мемлекет, ұлт жоқ» дегендей, көрме құжаттары аудан тарихының бір парағын даралап көрсетері сөзсіз.

Ауданның қай саласын алып қарасақ та, талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. Әлі де зерттелмеген жерлер, жеке тұлғалар қаншама? Елбасымыздың Жолдауында: «Өз туған өлкеміздің жер-су атауларын, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу – біз үшін парыз» - деп атап көрсеткен болатын.

Іздестіру және аудан тұрғындарының толықтырылатын құжаттары болса, архивке тапсыруға мүмкіндік мол. Сондықтан, Мақат, Доссор, Қошқар, Байшонас, Комсомол кенттерінде еңбек еткен жандар қаперіне бере отырып, балабақшаларының құжаттары толықтай жинақталмағандықтан іздестіру жұмыстары жалғастырылатынын еске саламыз.

А.МҰРЗАҒАЛИЕВА,

архив басшысы.