Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Шеттен келгеннің бәрі сапалы емес

Бүгінде ішкі нарыққа сәйкес емес тамақ өнімдері, косметика, жеңіл өнеркәсібі, балалар киімдері, химиялық жууға арналған бұйымдардың көп бөлігін импорттық тауарлар құрайды.

Биылғы 9 айда тексеріс үшін сатып алынған 270 өнімнің 122-сі Кеден Одағының талаптарына сай болмады.

Жалпы Кеден одағына бес мемлекет кірген, оның ішінде Қазақстан да бар. Ішкі нарыққа сай келмейтін өнімнің басым бөлігі сүт тағамдары құрапты. Сәйкессіздіктер негізінде кәсіп иелеріне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Қазіргі таңда 100-ге жуық Кеден Одағының Комиссиясының шешімдерімен Техникалық Регламенттері бекітілді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне 2018 жылдың 24 мамырда № 156-V мен енгізілген Өзгертулермен толықтыруларға сәйкес, Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібімен басқарма тарапынан тауарларды сатып алуды жүргізу үшін бір тәулік бұрын баратын субъектіні хабарлау міндетті. Сонымен қатар, заңға сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспайтын, бес жұмыс күніне дейін ұзартылады деп көзделген. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілер үшін ерекше тәртіп бойынша тексерудің мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күнінен дейін ұзартуға болады. Жоспардан тыс тексеруді жүргізу он жұмыс күнінен аспайтын,он жұмыс күнінен дейін ұзартылады деп заңда көрсетілген.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда басқармамен бөлшек сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына жос-парлы тексеру яғни ерекше тәртіппен тексеру жүргізуге шектеу қойылды. Бірақ Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193- IV Кодексінің 21 бабының 5 бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес өнім қауіпсіздігінің мониторингі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзге нысаны болып табылатын өнімді іріктеу және оған санитариялық- эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Яғни Қазіргі таңда 100-ге жуық Кеден Одағының Комиссиясының шешімдерімен Техникалық Регламенттері бекітілді. Осы талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу басқармамен жүзеге асырылуда.

2018 жылы қаңтар айынан қыркүйек айына дейін тексеруді және бақылау және қадағалауды бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында жоспарға сәйкес бюджеттен 550 000 теңге өнімдерді сатып алуға қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат есебімен аудан бойынша жоспардағы 52 объектіден 270 өнім ( оның ішінде тамақ өнімдері, косметика, жеңіл өнеркәсібі, балалар киімдері, химиялық жууға арналған бұйымдар) сатып алынды.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесінде, 122 өнімнен анықталған сәйкессіздіктерге байланысты 3 әкімшілік іс сотқа жолданып, қызметтері тоқтатылды. Барлығына да ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен 100 АЕК көлемінде (245000) теңге сотпен айыппұл салынған болса, 2017 жылмен салыстырғанда 57,2 % есе төмен. Яғни, кәсіпкерлер ауданға келетін өнімдердің көбінің бөлшек сауда обьектілеріндегі сатылатын өнімдердің ілеспе құжаттары сауда орнында сақталатынын білдіреді.

Былтыр 2017 жылдың 2-ші жарты жылдыққа жоспарланған объектілерден өнімдерді сатып алуға 95 000 тг қаржы бөлініп, жоспарланған 24 нысаннан 57 өнім сатып алынды. 39 өнімнен сәйкессіздік анықталды. Сатып алынған өнімдердің қауіпсіздігі сақталмай сараптама нәтижесінде КО ТР 017-2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі» талаптарына сәйкестігін міндетті растау процедурасынан өтуі тиіс талаптары сақталмай, мысалы Е.М., Е.С. есімді азаматтар тауардың, өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар сақталмай міндетті ақпараттар толық таңбаланбаған тауарлар сату фактілері анықталды. Тауарда өнімнің атауы, дайындаушы елдің атауы, дайындаушының, не сатушының, не дайындаушының уәкілетті тұлғасының заңды мекенжайы, бұйымның өлшемі, шикізаттың құрамы, тауарлық белгісі (болған жағдайда), дайындаушының кепілдік міндеттемелері, дайындалған күні, өнім топтамасының нөмірі көрсетілмеген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен аудандық сотқа істер жолданды. Бұл іс бойынша соттың қаулысымен аталған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік жауапқа тартып, меншігіндегі дүкендерінің қызметін 45 тәулікке тоқтатыла тұрып, 226 900 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Қазақстан Республикасының Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңына сәйкес, Кеден Одағының Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген 021-2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»Техникалық регламент талаптарының сақталуына жүргізілген өзге де тексерудің қорытындысымен басқармамен 2016 жылы бірқатар азаматтарға ҚР ӘҚБтК – нің 203 бабының 1 бөлігімен 6( алты) 95445 теңгеден айыппұл салынды.

2017 жылдың 2-ші жарты жылдық және 2018 жылғы күні бүгінге дейін жасалған жұмыстар аз емес. Өнімге, тауарды оның ішінде тамақ өнімдерінің құжатсыз сату және де тамақ өнімдерінің сапасыздығынан, дұрыс сақталуының бұзылуынан болып отырған кемшіліктерден санитарлық талапқа сәйкес келмеуінен болып отырған фактілері анықталып, Доссор кентінің жеке кәсіпкерлері А.Д., А.И. деген азаматшаға ҚР ӘҚБтК- нің 203 бабының 1 бөлігімен 6 (алты) 95445 теңгеден айыппұл салынды.

2018 жылғы тамыз айында З.Е. және С.К есімді жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 бөлігімен әкімшілік іс аудандық сотқа жолданды. (алынған тамақ өнімі, жеміс жидектердің) мемлекетке мүше ЕСЭС елдерден келгені анықталып, маркировка/таңбалауы сәйкес келмеді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 021/2011 Кеден Одағының Техникалық Регламентінің 23-бабына сәйкес сәйкестігі декларациясы келесі өнімдерге 1) жануар тектес өңделмеген өнімдері (непереработанной пищевой продукции животного происхождения), арнайы тамақ өнімдері(специлизированной пищевой продукции) , сірке суына уксус (қажет емес. Қалған барлық тамақ өнімдеріне сәйкестік декларациясы болуы қажет. Арнайы тамақ өнімдеріне мыналар жатады: балалар тамақтануына арналған тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тамақтануына арналған ауыз су, диеталық емдеуге және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, бальнеологиялық нормалардан төмен емес мөлшерде биологиялық белсенді заттар қамтылған минералды табиғи, емдеу – асханалық, минералдануы 1 мг/дм-дан асатын немесе минералдануы одан кем емдеу минералды су; спортшылардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған тамақ өнімдері, тамаққа биологиялық белсенді қоспалар (БАҚ).

Айта кету керек, тағы бір назар аударатын мәселе тамақ өнімдерінің көп жағдайда құтыдағы консерві өнімдерін жиі сатып аламыз. Олар шыны, темір немесе полимерлі ыдыста ма, ол маңызды емес. Тұтынушы үшін ең бастысы өнімнің сапалы болуы. Шыны құтыдағының құрамын қалай да болсын көруге болады, әрине егер тырыссаңыз. Полимерліде – күңгірттеу. Ал, темір құтыны қалай айналдырсаң да, оны көрмей сатып алуға тура келеді. Бұл жағдайда заттаңба көмектеседі. Оның көмегімен өнімнің жаңа дайындалғанын анықтауға болады. Заттаңба құтыға жапсырылады немесе литографиялық тәсілмен құтыға не қақпаққа жазылады. Еске салайық, қақпақта немесе құтының түбінде цифрлармен берілген ақпарат, қағаз заттаңбасынан гөрі едәуір сенімдірек, қағаз заттаңбасының желімі ашылып қалуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Таңбалаудың әріптік-сандық кодының түрінде бірнеше нұсқалары болады. Бұл белгілер кетпейтін бояулармен металды құтының қақпағында жағылады немесе мөрлеп тасталады және бұл құтының паспорты болып табылады. Әрбір зауытқа немесе өндіруші кәсіпорынға белгілі бір нөмір берілген. Ол әріп индексімен үйлесе отырып, әрбір консерві құтыларының өндірілген орнын нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Қақпағында ассортименттік нөмірі және дайындау күні мен ауысымы көрсетіледі. Құтыларда өткізудің соңғы мерзімі көрсетіледі. Бірақ кейде дайындау күні көрсетілген құтыларда кездесіп жатады. Шет елдік өнімдерде қағаз заттаңбалары болмайды. Барлық ақпарат құтының өзінде болады. Таңбалануы жоқ консерві банкаларын сатып алсаңыз, өзіңізге және өз жақындарыңызға жауапсыз қарайсыз деген сөз. Сонымен бірге, кез келген консервілердің заттаңбасында міндетті төртіпте мынадай ақпараттар көрсетілуі тиіс: Өнімнің атауы; Экспортпен өндіруші туралы ақпарат; Консервілер құрамымен олардың тамақ құндылығы; Нетто массасы; Жарамдылық мерзіміне аса назар аударғандарыңыз жөн.

Сонымен қатар биылда шілде айындағы өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу бойынша Мақат кентідегі «Барыс» базарында сауда жасайтын Г.Т., Ж.Х; атты жеке кәсіпкерлерден алынған шикі ет өнімдерінен бактериологиялық зерттеу нәтижесінде (МАФАнМ) ішек таяқшасы тобындағы бактерия анықталды. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабы 3 бөлігі, 12 тармақшасына сәйкес субъектіге қатысты жос-пардан тыс тексеру тез арада ашылып, ҚР ӘҚБК- нің 425 бабының 1 бөлігімен 20 АЕК көлемінде 48100 теңге айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғару берілді. Осы жерде де айта кететін мәселе (өнімді сақтау, тасымалдау, бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптардың, басты назар тазалықта, ҚР ДСМ мен ҚР ҰЭмМ 2017 жылғы 26 маусымдағы және 20.07.2017 ж № 463, №285 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы бұйрықтарының кейбір талаптары сақталмауынан болып отыр.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттырудағы Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөзінде. Мақат аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Кеден Одағының Техникалық Регламенттері талапатарының сақталуы, қолданылуы, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында 2018 жылғы 9 айында жеке кәсіпкерлермен 4 семинар, 4 дөңгелек үстел, 2 мәжіліс өткізілді. 147 дәріс оқылды. 4 мақала газетке берілді. Осы бағытта алға қарайда жұмыс барысында Тех Регламент талаптарының сақталуы бойынша, өнімдердің сапасына, сақталуына, тасымалдануына т.б нормативтік құқықтық актілердің талаптарын кеңінен пайдалану бағытында да жұмыстар атқарылатынын хабарлаймыз.

А.ОРАЗЫМБЕТОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшы, заңгер.