Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. 8 (712) 393 0766 makat70@mail.ru

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – тікелей эфирде

Ертең, яғни, 9 ақпан күні сағат 17:00-де Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева тікелей эфир арқылы халыққа есеп береді.

Тұрғындар Денсаулық сақтау басқармасының өткен жылы атқарған жұмысы мен осы жылға арнап бекіткен нақты жоспары туралы толық мәліметті алатын мүмкіндікке ие. Сонымен қатар, халық өздерін толғандыратын басқа да сұрақтар қоя алады. Ол үшін тікелей эфирге қосылып, қойылған сауалының жауабын үйде жатып-ақ ала алады.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруді бастаған болатын. Алдағы уақытта да бұл үрдіс тоқтамайды. Тікелей эфирге қосылу сілтемелері:

Facebook https://www.facebook.com/AkimatAtyrau

Instagram https://Instagram.com/akimat_atyrau

Super User

Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?